Май аудандық мәслихаты Май ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды

Май аудандық мәслихаты Май ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды

 

Май аудандық мәслихаты 5 (бес) адамнан тұратын Май аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан, квазимемлекеттік сектор субъектісінен өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аспайды.

Жұмыс тобы құрамындағы азаматтық қоғамнан өкілдік жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген, Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 7-тармағына сәйкес, жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 25 қараша айынан бастап 2024 жылғы 29 қарашаны қоса алғанда) Май ауданы мәслихатының аппараты ММ-не Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Абылайхан, к-сі 32, 1-құрылыс, байланыс телефоны: 91351, 91169; 09:00 - ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14: 30-ға дейін) мекенжайы бойынша қолма-қол беріледі немесе электрондық mai_maslihat@mail.ru мекенжайға келесі құжаттарды жолдайды:

1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.

Май аудандық мәслихаты

 

 

Май аудандық мәслихаты Май ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды
Дата публикации
25 ноября 2024