Май аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 22 қазандағы № 8/19 шешімімен «Май ауданының Құрметті азаматы атағы берілді

Базарбек Әріпбайұлы Сүлейменов 1945 жылғы 15 наурызда Қызылорда облысы, Сардария ауданы Төбе ауылы дүниеге келді. Еңбек жолын 1970 жылы Май ауданы Бірінші Май совхозында мал шаруашылығында жылқышы болып жұмыс істеді. 1970 жылы Семейдің Пушно меховой техникумына оқуға түсіп, аталған техникумды 1972 жылы бітіріп, жолдамамен Павлодар облтұтынуодағына бөлімшесінде аға товаровед болып қызмет атқарды. 1974 жылы Май ауданында аудантұтынуодағына жұмысқа жіберілді. 1979 жылы Райзагконторасына директор болып тағайындалды. 1981 жылы Қызықұрама совхозына райсовес төрағасы ретінде жолдамамен жіберілді. 1984 жылы қайтадан аудантұтынуодағына төраға ретінде қабылданып, бұл қызметте 2004 жылғы дейін қызмет атқарды. Кейін Көктөбе селолық округінде маман болып жұмысқа қабылданды. 2008 жылы зейнеткерлікке шықты. Жолдасымен 5 тәрбиелеп, 14 немересі бар. 2012 жылы «Павлодар облысына 75 жыл мерекелік медальмен марапатталды.
Май аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 22 қазандағы № 9/19 шешімімен Май ауданының Құрметті азаматы атағы берілді

Қуатхан Қалымұлы Ахметов 1941 жылы Алтай аймағының Панкрушихинский ауданының Қызыл-ту ауылында дүниеге келді. 1970 жылы Май ауданына Алтай - аймағынан Жалтыр Совхозында көшіп келді, тракторист жүргізушісі болып қызмет бастаған. 1970-1996 жылдары зейнеткерлікке шыққанға дейін совхозда бригадир, зав.машдвор, механик, слесарь болып қажырлы еңбек етті. 2002 жылдан 2014 жылға дейін, зейнеткерлікке шыққанға дейін Қуатхан Қалымұлы ҚБМ оператор қызметін атқарды. өз жұмысын абыроймен жұмыс жасады. Жалпы жұмыс өтілі 40 жыл. Атқарылған ерен еңбегі үшін Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін, Кентүбек ауылының "Бірлік" шаруашылығының төрағасы. Қуатхан Қалымұлы ауыл тұрғындары арасында үлкен құрметке ие. Жұбайы Ахметова Тоғжан Дысымханқызы "Батыр Ана" бірге 14 бала тәрбиелеп өсірді.
Май аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 22 қазандағы № 10/19 шешімімен Май ауданының Құрметті азаматы атағы берілді

Иран Абылхасов 1940 жылы Павлодар облысы Май ауданы, Абай ауылында дүниеге келді. Мектеп бітіргенен кейін совхозда малшы болып жұмыс істеді зейнеткерлікке шыққанға дейін. Халық арасында беделді, сыйлы адам. Ауылда өтетін іс-шараларға белсенді қатысады.
Май аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 22 қазандағы № 11/19 шешімімен Май ауданының Құрметті азаматы атағы берілді

Қалкен Данилұлы Құрмашев 1954 жылғы 17 қараша Май ауданы Киров совхозында дүниеге келеген. Еңбек жолын 1971 жылы Май аудан Жалтыр совхозында МТМ слесарі болып бастаған. 1974-76 жылдар Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтеріп келгеннен кейін Май аудандық Ішкі істер бөлімінде учаскелік инспектор, Халық депутаттары Май аудандық атқару комитетінің заңгер-кеңесшісі, Май аудандық сотының сот орындаушысы, Май аудандық мемлекеттік нотариалды конторасының мемлекеттік нотариусы болып қызмет атқарды. 2003-2004 жылдары аудандық жер қатынастары бөлімінің маманы болды. 2004 жылдан бастап зейнеткерлік жасқа дейін Май аудандық мәслихат аппаратының бас маман-заңгері болып қызмет атқарды. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, еңбек қызметіне және мәслихаттың қызметін жетілдіруде қомақты үлесін қосты. Ұзақ жылдары мінсіз еңбек етіп, қызметтік міндеттерін кәсіби шеберлікпен үлгілі орындап, шығармашылық белсендік танытып, жоғары нәтижелерге қол жекізді.
Май аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 22 қазандағы № 12/19 шешімімен Май ауданының Құрметті азаматы атағы берілді

Бадиға Сабитқызы Аушахманова 1934 жылы 15 қазанда Новосібір қаласында дүниеге келді. Ақшиман ауылының тұрғыны тыл еңбеккері, еліміздің игілгі жолындағы қалтқысыз қажырлы көп жыл адал еңбек етіп, ауданының ауылдың ауылшаруашылық саласын дамуына, тәуелсіз егеменді Қазақстанның тұтастығын сақтауға елеулі үлес қосқан.
Май аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 22 қазандағы № 13/19 шешімімен «Май ауданының Құрметті азаматы атағы берілді

Дина Оспанқызы Шәкенова1941 жылы 17 ақпанда Семей облысы, Жарма ауданы, Ақжал ауылында дүниеге келген, 1966-2003 жылдар аралығында Май аудандық ауруханасында 30 жылдан астам уақыт бойы балалар дәрігері болып қызмет атқарған Дина Оспанқызының еңбегі зор ауданымыздың денсаулық сақтау саласы жаңадан келген дәрігерлерге өзінің баға жетпес білімі мен тәжірибесін кәсіби түрде берді. Еңбек ардагері көп жылғы қажырлы еңбегі үшін көптеген Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталған.
Май аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 22 қазандағы № 14/19 шешімімен Май ауданының Құрметті азаматы атағы берілді

Бақытжамал Тоқмұхамбетқызы Муқашева 1953 жылғы 26 наурызда Май ауданы Май совхозында дүниеге келді. 1970 жылы Май ауданының Белогорье орта мектебін бітіргеннен кейін сол жылдың қараша айынан бастап 1971 жылғы мамыр айына дейін май ПМК-19-да экономист лауазымында жұмыс істеді. 1971 жылғы қыркүйек айынан 1975 жылғы тамыз айына дейін Павлодар педагогикалық институтында математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша оқыды. Оқуды бітіргеннен кейін ол өзінің туған мектебіне оралды, бірақ 1975 жылы қыркүйекте математика пәнінің мұғалімі Май ауданындағы Қазан орта мектебіне ауыстырылды. Бақытжамал Тоқмұхамбетқызы 1976 жылғы қыркүйектен 1982 жылғы қаңтарға дейін сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырушы, Май ауданының Белогорье орта мектебінің математика мұғалімі болып жұмыс істеді, 1982 жылдың қаңтарында білім бөлімінің әдістемелік кабинетіне ауыстырылып, содан кейін 1982 жылдың тамызынан 1984 жылдың қарашасына дейін Май ауданының Белогорсье орта мектебінің оқу-тәрбие жұмысы бойынша меңгерушісі болды. 1984 жылғы қарашадан 1987 жылғы шілдеге дейін әдістемелік кабинеттің меңгерушісі, ал 1987 жылғы шілдеден 1989 жылғы қазанға дейін Май ауданының білім бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.1989 жылдың қазан айында Май аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды, 1992 жылғы Май ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, бұл лауазымда 1998 жылдың тамызына дейін қызмет атқарды, 1998 жылғы тамыздан 2002 жылғы тамызға дейін Павлодар облысы мәдениет департаментінің облыстық халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі орталығының директоры болып жұмыс істеді. 2002 жылғы тамыздан 2005 жылғы сәуірге дейін - Павлодар облысы мәдениет департаменті бастығының орынбасары. 2005-2006 жылдары облыс мәдениет департаментінің мәдениет және өнер ұйымдарының жұмысын қамтамасыз ету, талдау және мониторинг бөлімінің бастығы. 2006-2014 жылдары Павлодар облысы мәдениет басқармасы бастығының, орынбасары. 2014 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Чехов атындағы облыстық драма театрының әкімшісі болып қызмет атқарады.
Май аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 22 қазандағы № 15/19 шешімімен Май ауданының Құрметті азаматы атағы берілді

Қуаныш Қайратұлы Мустафин 1938 жылы Ермак ауданында дүниге келді.1993 жылы зейнетке шықты. Еңбек жолын 1960 жылы Кызы-Құрама совхозында тракторист болып бастаған, 1962-1970 жылдары Қызыл-құрама совхозының бухгалтері, қойма меңгерушісі болып жұмыс атқарды. 1970 жылдан бастап зейнеткерелікке дейін Белогорье совхозы, Қызыл-құрама совхозында және Ақшиман совхоздарында жұмыскер ретінде еңбек атқарып, тоғызыншы бесжылдықтың екінші жылында ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша социалистік міндеттемелерді орындаудағы жоғары көрсеткіштері үшін марапатталды. 1993 жылы зейнеткерлікке шықты.
Май ауданының Құрметті азаматы атағы Май ауданы мәслихатының 2024 жылғы 22 қазандағы № 16/19 шешімімен берілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ернұр Нұрмұханұлы Әйткенов Май ауданының тумасы. Аудан орталығының мектебін бітіріп, Семей қаласының ауылшаруашылық жоғары оқу орнын тәмәмдәп келгеннен кейін Белогорье совхозының бөлімшесінде зоотехник болып еңбек жолын бастаған. Ақжар, Майтүбек ауылдарында, Малайсары кеңшарында, аудандық шаруашылық бөлімінде күрделі еңбегімен көпшілікке танылды. Елімізде 2006 жылы алғаш рет аудан және қалалық әкімдерінің сайлауына қатысып, Май ауданының халқы бір ауыздан білікті, білімді азаматты аудан әкімі болып сайлады. Өңірдің төрт ауданында әкім болып қызмет атқарды, сонымен қатар ауылшаруашылық басқармасының басшысы, облыс мәслихатын басқарып, Қазақстан Парламентінің жоғарғы палата Сенатының депутаты болып сайланды. Атқарылған ерен еңбегі үшін жоғары баға беріліп, үкімет тарапынан медаль, Құрмет грамоталарына ие болды. Ерен еңбегі үшін мемлекеттік награда, Қазақстан Конституциясына 20 жыл Қазақстан Конституциясына 25 жыл Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл мерекелік медалдарі.
Май ауданының Құрметті азаматы атағы Май ауданы мәслихатының 2024 жылғы 22 қазандағы № 17/19 шешімімен берілді

Амангелды Сабырұлы Солтанов Көкпар федерациясының вице-президенті. Саты ауылының тумасы. Көп жылдар бойы жастарды көкпарға баулып жүр. Ондаған көкпаршы тәрбиеледі. Оның ұлттық спортты дамытуға, ұлттық кодымызды жаңғыртуға деген ерен еңбекқорлықтың арқасында Май ауданының көкпаршылары жылдар бойы Павлодар облысында үздіктер қаратынан табылуда.