Қазақстан Республикасы
Нормативтік құқықтық актілердің
эталондық бақылау банкіде
2026 жылдың 24 қыркүйек күні жарияланды
Қазақстан Республикасы
Нормативтік құқықтық актілердің
мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 230291 енгізілген
Ертіс аудандық мәслихатының 2026 жылғы 23 қыркүйектегі
«Ертіс аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы
«2026 – 2028 жылдарға арналған Ертіс аудандық бюджеті туралы»
№ 150-45-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 185-63-8 шешімі
Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ертіс аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «2026 – 2028 жылдарға арналған Ертіс аудандық бюджеті туралы» № 150-45-8 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) осы шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2026 – 2028 жылдарға арналған Ертіс аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 6702480 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 1020574 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 28165 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 10810 мың теңге;
трансферттер түсімі – 5642931 мың теңге;
2) шығындар – 6935597 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 45438 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 86538 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 41100 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -278555 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
278555 мың теңге.»;
2) осы шешімнің 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Ертіс аудандық бюджетте Ертіс ауданының ауылдар мен ауылдық округтер бюджеттеріне 2026 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттер мынадай көлемдерде ескерілсін:
60069 мың теңге – ауылдық елді мекендерді абаттандыру жөніндегі іс-шараларды өткізуге;
10700 мың теңге – ауылдық елді мекендердегі көше жарығын ағымдағы жөндеуге;
289957 мың теңге – ауылдық елді мекендердегі автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге;
2587 мың теңге – ауылдық елді мекендерді санитарлық тазарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;
1451 мың теңге – мемлекеттік органдардың күрделі шығыстарына;
2790 мың теңге – ауылдық елді мекендердің жерлеу орындарын күтіп-ұстау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге.»;
3) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Ертіс аудандық
мәслихатының төрағасы Б. Шингисов