Меню

Страницы

Статья

Ертіс аудандық мәслихатының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы «2026 жылға арналған Ертіс ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» № 145-43-8 шешімі

                                                                                                                                              Қазақстан Республикасы

Нормативтік құқықтық актілердің

эталондық бақылау банкіде

2025 жылдың 8 желтоқсан күні жарияланды

Қазақстан Республикасы

Нормативтік құқықтық актілердің

мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№ 218164 енгізілген 

        Ертіс аудандық мәслихатының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы «2026 жылға арналған Ертіс ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» № 145-43-8  шешімі

 

      «Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» № 72 бұйрығына сәйкес Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026 жылға арналған Ертіс ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шаралары:

1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;

2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:

ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;

ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада ұсынылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Ертіс аудандық мәслихатының төрағасы  Б. Шингисов

 

Дата публикации
10 декабря 2025
Дата обновления
10 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
Заседание Общественного совета
Ақпарат
01 октября 2026
Ертіс аудандық мәслихатының 2026 жылғы 29 қыркүйектегі «Ертіс аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «Ертіс ауданының сайлау комиссиялардың құрамын қалыптастыру туралы» № 44-13-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 186-64-8 шешімі
Ақпарат
01 октября 2026
«Ертіс аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтарындағы «Ертіс аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» № 113-28-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ертіс аудандық мәслихатының 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 187-64-8 шешімі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы