2025 жылғы 19 қараша күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында онлайн режимінде Жанат Беспаевтың төрағалығымен ауданның қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Жұмыс жоспарына сәйкес күн тәртібі келесі мәселелерді қамтыды:
- Аудан экономикасының нақты секторы бөлімінің халыққа көрсететін мемлекеттік қызметтерінің сапасы туралы;
- Қоскөл, Сілеті ауылдық округтері мен Майкоңыр ауылы бойынша даму жоспарларын іске асыру барысы туралы;
- Аудан аумағында полигондарды (үйінділерді), қатты тұрмыстық қалдықтарды ұстау жағдайы туралы;
- Сумен жабдықтау объектілерінің жай-күйі және аудан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі шаралар туралы.
Баяндамашылардың ақпараттары назарға алынды.