Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің
эталондық бақылау банкіде 2025 жылдың 12 қыркүйек күні жарияланды
Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 214128 енгізілген
Ертіс аудандық мәслихатының 2025 жылғы 10 қыркүйектегі
«Ертіс аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы
«2025 – 2027 жылдарға арналған Ертіс аудандық бюджеті туралы»
№ 108-29-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 1135-39-8 шешімі
Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025 – 2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше
1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 7425322 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 1409379 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 24099 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4883 мың теңге;
трансферттер түсімі – 5986961 мың теңге;
2) шығындар – 8003749 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 48118 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 82572 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 34454 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -626545 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
626545 мың теңге.»;
2) көрсетілген шешімнің 4-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«4. 2025 жылға арналған аудандық бюджетінде Ертіс ауданының ауылдар және ауылдық округтерінің бюджеттеріне берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер келесі көлемдерінде ескерілсін:
260 мың теңге – азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;
105343 мың теңге – «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша
іс-шараларды іске асыруға»;
10008 мың теңге – ауылдық елді мекендердегі көше жарығын ағымдағы жөндеуге;
28500 мың теңге - ауылдық елді мекендерді абаттандыру бойынша іс - шаралар өткізуге;
327646 мың теңге - ауылдық елді мекендер көшелерінің автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге;
17324 мың теңге - ауылдық елді мекендерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
16774 мың теңге – жылыту қазандықтарын сатып алуға.»;
3) көрсетілген шешімнің 6-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«6. Аудандық жергілікті атқарушы органның 2025 жылға арналған резерві 41317 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
4) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Ертіс аудандық мәслихатының төрағасы Б. Шингисов