Қазақстан Республикасы
Нормативтік құқықтық актілердің
эталондық бақылау банкіде
2025 жылдың 24 шілде күні жарияланды
Қазақстан Республикасы
Нормативтік құқықтық актілердің
мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 212650 енгізілген
Ертіс аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 шілдедегі «Ертіс аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы «2025 – 2027 жылдарға арналған Ертіс аудандық бюджеті туралы» № 108-29-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 131-37-8 ШЕШІМІ
Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025 – 2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше
1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 7392231 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 1341171 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 22369 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2775 мың теңге;
трансферттер түсімі – 6025916 мың теңге;
2) шығындар – 7970658 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 48118 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 82572 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 34454 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -626545 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
626545 мың теңге.»;
2) көрсетілген шешімнің 4-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«4. 2025 жылға арналған аудандық бюджетінде Ертіс ауданының ауылдар және ауылдық округтерінің бюджеттеріне берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер келесі көлемдерінде ескерілсін:
260 мың теңге – азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;
105343 мың теңге – «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша
іс-шараларды іске асыруға»;
2744 мың теңге – ауылдық елді мекендердегі көше жарығын ағымдағы жөндеуге;
28500 мың теңге - ауылдық елді мекендерді абаттандыру бойынша іс - шаралар өткізуге;
322911 мың теңге - ауылдық елді мекендер көшелерінің автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге;
17324 мың теңге - ауылдық елді мекендерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
16774 мың теңге – жылыту қазандықтарын сатып алуға.»;
3) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Ертіс аудандық мәслихатының төрағасы Б. Шингисов