Ертіс аудандық мәслихатының ШЕШІМІ
2024 жылғы 16 қазан № 94-25-8
«Ертіс ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасына, Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 538/44 шешімімен бекітілген «Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру» қағидаларына, 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 54/4 енгізілген өзгерістерге сәйкес, Ертіс ауданы әкімінің 2024 жылғы 2 қазандағы №№01-18/ 756, 01-18/757, 01-18/758, 01-18/759 ұсынымдары негізінде, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Ертіс ауданының Құрметті азаматы» атағы Болат Советович Аманбаевқа, Жоламан Абдыкалыкович Байтеновке, Балгабай Каерканович Бакишевке, Ермек Сагимбаевич Жуматовқа берілсін.
Ертіс аудандық мәслихатының төрағасы Б. Шингисов