Қазақстан Республикасы
Нормативтік құқықтық актілердің
эталондық бақылау банкіде
2024 жылдың 19 ақпан күні жарияланды
Қазақстан Республикасы
Нормативтік құқықтық актілердің
мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 193311 енгізілген
Ертіс аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2024 жылғы 15 ақпан № 66-17-8
Ертіс аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы
«2024 – 2026 жылдарға арналған Ертіс аудандық бюджеті туралы»
№ 43-12-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024 – 2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше
1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 6578622 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 1173934 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 15825 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3829 мың теңге;
трансферттер түсімі – 5385034 мың теңге;
2) шығындар – 6578622 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 39952 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 70148 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 30196 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -39952 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
39952 мың теңге.»;
2) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Ертіс аудандық
мәслихатының төрағасы Б. Шингисов