Қазақстан Республикасы
Нормативтік құқықтық актілердің
эталондық бақылау банкіде
2023 жылдың 27 желтоқсан күні жарияланды
Қазақстан Республикасы
Нормативтік құқықтық актілердің
мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 190505 енгізілген
Ертіс аудандық мәслихатының ШЕШІМІ
2023 жылғы 22 желтоқсан № 43-12-8
2024 – 2026 жылдарға арналған Ертіс аудандық бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2024 – 2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше
1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 6578622 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 1173942 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 15825 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3829 мың теңге;
трансферттер түсімі – 5385026 мың теңге;
2) шығындар – 6578622 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 39952 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 70148 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 30196 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -39952 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
39952 мың теңге.
2. 2024 жылға арналған Ертіс аудандық бюджетінде 987036 мың теңге сомасында облыстық бюджеттен берілетін субвенция көлемі көзделсін.
3. Аудандық бюджеттен Ертіс ауданының ауылдар және ауылдық округтерінің бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемі 2024 жылға арналған аудан бюджетінде жалпы сомасы 360422 мың теңге көзделсін, соның ішінде:
Ағашорын ауылдық округі – 14633 мың теңге;
Аманкелді ауылдық округі – 27360 мың теңге;
Байзақов ауылдық округі – 25283 мың теңге;
Голубовка ауылы – 29826 мың теңге;
Ертіс ауылы – 84189 мың теңге;
Қарақұдық ауылдық округі – 31192 мың теңге;
Қоскөл ауылдық округі – 24808 мың теңге;
Қызылжар ауылдық округі – 26300 мың теңге;
Майқоңыр ауылы – 26938 мың теңге;
Панфилов ауылдық округі – 28606 мың теңге;
Северный ауылдық округі – 13263 мың теңге;
Сілеті ауылдық округі – 28024 мың теңге.
4. 2024 жылға арналған аудандық бюджетінде Ертіс ауданының ауылдар және ауылдық округтерінің бюджеттеріне берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер келесі көлемдерінде ескерілсін:
227 мың теңге – азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;
174240 мың теңге – «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша
іс-шараларды іске асыруға»;
6182 мың теңге – елді мекендердегі көше жарығын ағымдағы жөндеуге;
66996 мың теңге - ауылдық елді мекендерді абаттандыру бойынша іс - шаралар өткізуге;
540968 мың теңге – елді мекендер көшелерінің автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге.
5. Ертіс ауданының ауылдар және ауылдық округтерінің бюджеттеріне нысаналы трансферттердің көрсетілген сомасын үлестіру аудан әкімдігінің қаулысы негізінде анықталады.
6. Аудандық жергілікті атқарушы органның 2024 жылға арналған резерві 23871 мың теңге сомасында бекітілсін.
7. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ертіс аудандық мәслихатының төрағасы Б. Шингисов