Меню

Страницы

Статья

Ертіс аудандық мәслихатының ШЕШІМІ 2023 жылғы 14 желтоқсан № 37-11-8 2024 жылға арналған Ертіс ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

 

Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің

эталондық бақылау банкіде 2023 жылдың 14 желтоқсан күні жарияланды

Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің

мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 189679 енгізілген 

 

Ертіс аудандық мәслихатының ШЕШІМІ

2023 жылғы 14 желтоқсан  № 37-11-8

2024 жылға арналған Ертіс ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

 Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» № 126 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 72 бұйрығына сәйкес Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2024 жылға арналған Ертіс ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шаралары:

1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;

2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:

ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;

ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада ұсынылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Ертіс аудандық

мәслихатының төрағасы                                             Б. Шингисов

Дата публикации
15 декабря 2023
Дата обновления
15 декабря 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
Заседание Общественного совета
Ақпарат
01 октября 2026
Ертіс аудандық мәслихатының 2026 жылғы 29 қыркүйектегі «Ертіс аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «Ертіс ауданының сайлау комиссиялардың құрамын қалыптастыру туралы» № 44-13-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 186-64-8 шешімі
Ақпарат
01 октября 2026
«Ертіс аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтарындағы «Ертіс аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» № 113-28-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ертіс аудандық мәслихатының 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 187-64-8 шешімі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы