Меню

Страницы

Статья

Ертіс аудандық мәслихатының ШЕШІМІ 2021 жылғы 9 желтоқсан № 49-11-7 2022 жылға арналған Ертіс ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

 

Қазақстан Республикасы

Нормативтік құқықтық актілердің

эталондық бақылау банкіде

2021 жылдың 14  желтоқсан күні жарияланды

Қазақстан Республикасы

Нормативтік құқықтық актілердің

мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№ 161493 енгізілген 

 

Ертіс аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

2021 жылғы 9  желтоқсан             № 49-11-7

 

2022 жылға арналған Ертіс ауданының ауылдық елді мекендеріне

жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру,

әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы
8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» № 183 қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 72 бұйрығына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2022 жылға арналған Ертіс ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шаралары:

1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылсын.

  1. Осы шешімнің  орындалуын  бақылау  Ертіс аудандық мәслихатының

бюджет, әлеуметтік  саясат  және  заңдылық  жөніндегі  тұрақты  комиссиясына

жүктелсін.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

          Ертіс аудандық

          мәслихатының хатшысы                                                  Б. Шингисов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
15 декабря 2021
Дата обновления
05 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
Заседание Общественного совета
Ақпарат
01 октября 2026
Ертіс аудандық мәслихатының 2026 жылғы 29 қыркүйектегі «Ертіс аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «Ертіс ауданының сайлау комиссиялардың құрамын қалыптастыру туралы» № 44-13-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 186-64-8 шешімі
Ақпарат
01 октября 2026
«Ертіс аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтарындағы «Ертіс аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» № 113-28-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ертіс аудандық мәслихатының 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 187-64-8 шешімі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы