Қазақстан Республикасының
Әділет Министрлігінің
Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде
2022 жылғы 23 тамыз күні
29221 нөмірі арқылы тіркелді
Ертіс аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2022 жылғы 19 тамыз № 77-20-7
Ертіс аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 215-51-6 «Ертіс ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Мамандарға әлеуметтік қолдау бюджет қаражаты есебінен жылына бір рет 3,3 (үш бүтін оннан үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.».
|
Ертіс аудандық мәслихатының хатшысы |
|
Б. Шингисов |