Меню

Страницы

Статья

Павлодар облысы Ертіс ауылының жекеленген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүруі туралы

               Қазақстан Республикасының

Әділет Министрлігінің

Нормативтік құқықтық актілерді 

мемлекеттік тіркеу  тізілімінде

2022 жылғы 22 қазан  күні  

30297 нөмірі арқылы тіркелді

 

 

Ертіс ауданы әкімдігі

2022 жылғы 19 қазандағы

№ 309/5

Ертіс аудандық мәслихаты

2022 жылғы 19 қазандағы

№ 89-23-7

 

 

 

 

 

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ ЖӘНЕ ШЕШІМ

 

 

Павлодар облысы Ертіс ауылының жекеленген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүруі туралы

 

 

           Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 - бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 6 - бабы 1 - тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13 - бабына сәйкес, Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Павлодар облысы Ертіс ауылының келесі санаттағы азаматтарына қоғамдық жолаушылар көлігіне (таксиден басқа) тегін жол жүру белгіленсін:

- орта білім беру ұйымдарында оқитын балаларға.

  1. Қаржыландыру көзі болып Ертіс ауданының бюджеті белгіленсін.
  2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау «Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
  3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ертіс ауданының әкімі

   Б. Шарипов

Ертіс аудандық мәслихатының хатшысы

Б.Шингисов

 

 

 

 

 

         

Дата публикации
26 октября 2022
Дата обновления
29 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
Заседание Общественного совета
Ақпарат
01 октября 2026
Ертіс аудандық мәслихатының 2026 жылғы 29 қыркүйектегі «Ертіс аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «Ертіс ауданының сайлау комиссиялардың құрамын қалыптастыру туралы» № 44-13-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 186-64-8 шешімі
Ақпарат
01 октября 2026
«Ертіс аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтарындағы «Ертіс аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» № 113-28-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ертіс аудандық мәслихатының 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 187-64-8 шешімі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы