Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Екібастұз қалалық мәслихатының «Екібастұз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 487/63 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7109 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасындағы «400» саны «800» санына өзгертілсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың азаматтар мен шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссия жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.