2023 жылғы 09 қарашадағы 89/10
(VIII шақырылған кезекті Х сессия)
Екібастұз қалалық мәслихаттың VIII шақырылған
кезекті Х сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабы 3- тармағы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
2023 жылғы 21 қараша күні сағат 15.00-де Екібастұз қалалық мәслихаттың VIII шақырылған кезекті Х сессия шақырылсын.
VIII шақырылған кезекті Х сессияның күн тәртібіне келесі мәселелер енгізіледі:
1.Екібастұз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы «2023 - 2025 жылдарға арналған Екібастұз қаласының ауылдық округтерінің, ауылдарының және поселкелерінің бюджеті туралы» № 190/25 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2.Екібастұз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 8 желтоқсандағы «2023 жылы Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» № 176/24 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
3.Екібастұз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы «Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 111/15 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
4.Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі қалалық комиссияны құру туралы» № 38/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
5.Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Екібастұз қаласы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган туралы.
Екібастұз қалалық
мәслихатының төрағасы Н. Макраев