Жер комиссиясының құрамын және жер комиссиясы туралы ережені бекіту туралы

2023 жылғы 7 сәуірдегі                                                                15/2

(VIII шақырылған кезекті II сессия)

Жер комиссиясының құрамын және

жер комиссиясы туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан  Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 15-бабы 1-тармағы 5-3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Жер комиссиясының құрамы осы шешімнің 1,2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
  2. Жер комиссиясы туралы ереже осы шешімнің 3- қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Екібастұз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 25 тамыздағы «Жер комиссиясының құрамын және жер комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» № 148/21 шешімінің күші жойылсын.
  4. Екібастұз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 8 желтоқсандағы «Жер комиссиясының құрамын және жер комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» № 177/24 шешімінің күші жойылсын.
  5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының аграрлық секторды дамыту және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Екібастұз қалалық

мәслихатының хатшысы                                                             Н. Макраев

Дата публикации
24 апреля 2023