Екібастұз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 7 маусымдағы «Екібастұз қаласы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультативтік-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» № 126/19 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2023 жылғы 7 сәуірдегі                                                                       13/2

 

 

 

 (VІІІ шақырылған кезекті ІІ сессия)

Екібастұз қалалық мәслихатының 2022 жылғы

7 маусымдағы «Екібастұз қаласы әкімдігі жанындағы  қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу,

сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және

өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультативтік-кеңесші

органның дербес құрамын бекіту туралы»

№ 126/19 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағы негізінде Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 7 маусымдағы «Екібастұз қаласы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультативтік-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» 126/19 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1) консультативтік-кеңесші органның құрамына:

Бибигуль Сагинтаевна Имангалиева, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, консультативтік-кеңесші органның төрайымы болып;

Лаура Амановна Дисюпова, «Павлодар облысы білім басқармасының «Екібастұз қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, консультативтік-кеңесші органның мүшесі болып (келісім бойынша);

Ринат Кабдулкаирович Букаев, «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, консультативтік-кеңесші органның мүшесі болып енгізілсін.

2)консультативтік-кеңесші органның құрамынан М.Д.Маликова, Д.О.Ахметова, З.О.Джаксыбаева  шығарылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының азаматтар мен шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Екібастұз қалалық

мәслихатының төрағасы                                                                 Н. Макраев

Дата публикации
24 апреля 2023