Қалалық мәслихаттың экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңға, қалалық мәслихаттың регламенті мен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Сіздердің назарларыңызға тұрақты комиссияның 2022 жылы атқарған жұмысы туралы есебін ұсынуға рұқсат етіңіздер.
Комиссия жұмысының басым бағыты қала, ауылдар, поселкелер, ауылдық округтер бюджеттерін қабылдау, орындау, нақтылау мәселелері болып табылады.
Ағымдағы жылы қалалық бюджетке және өңірдің ауылдық округтерінің, ауылдары мен поселкелерінің бюджеттеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері 5 рет қаралды. Аталған мәселелерді қарау әрдайым депутаттардың белсенді қатысуымен өтеді, бюджетке өзгерістер жобаларын талқылау қорытындылары бойынша депутаттар ұсынымдар мен ұсыныстар енгізеді, комиссияның қаулылары қабылданады, олар шаралар қабылдау үшін атқарушы органдарға жіберіледі.
Ағымдағы жылдың ақпан айында депутаттар жыл басында қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтарының басым бөлігін, атап айтқанда 74% Екібастұз қаласының 2022 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарының іс-шараларына бағыттау туралы ұсыныстарды қолдады. Олардың ішінде аяқталған жобалар-21 шағын ауданда № 4,5 тұрғын үйлер салу, "ОРЕNКІТАПХАНА" Орталық қалалық кітапхананы жаңғырту және жаңарту, Орталық қалалық кітапхана ғимаратының қасбеті мен шатырын күрделі жөндеу. 2022 жылдың соңына дейін Қонаев даңғылындағы 300-500 мм Ду коллекторын қайта жаңарту, Новоселов көшесіндегі 500 мм Ду коллекторын қайта жаңарту, Ә. Марғұлан атындағы ауылды сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту жобалары аяқталады Цифрлық жоспарлы негізді қалыптастыру және мемлекеттік қала құрылысы кадастры ААЖ дерекқорына енгізу үшін кадастрлық жоспар құра отырып, салынған аумақта жерасты және жер үсті коммуникацияларын түгендеу бойынша жұмыстар аяқтау сатысында (2724,17 га).
Ағымдағы жылдың сәуір айында тұрақты комиссиялардың отырысында КТС (12% - дан 32% - ға дейін), ЖТС (55% - дан 57% - ға дейін) және әлеуметтік салық (55% - дан 57% - ға дейін) бойынша облыстық бюджетке аударымдар нормативтерін өзгерту мәселесі белсенді талқыланды. Қала бюджетінің шығыны шамамен бір миллиард теңгені құрады. Өткен 2021 жылы осындай жағдайда тұрақты комиссия Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жеке табыс және әлеуметтік салықтар бойынша қалалық бюджеттен облыстық бюджетке аударым нормативін азайту жөнінде депутаттық сауал жолдады, алайда мәселе оң шешілмеді.
Жергілікті деңгейде бірқатар бастамаларды, оның ішінде әлеуметтік бағыттағы бастамаларды іске асыруға, облыстық бюджеттен трансферттер бөлінетінін атап өткен жөн. Мәселен, облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен мектеп жасындағы балалардың қалалық қоғамдық көлікте тегін жол жүруін өтеу мүмкін болды. Тұрақты комиссия мәслихаттың "Екібастұз қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қоғамдық жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" шешіміне өзгерістерді қолдады. Сондай-ақ қаланы абаттандыру бойынша іс-шараларды өткізуге ағымдағы трансферттер бөлінді. Жалпы, жыл қорытындысы бойынша тек бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға және оларды қоса қаржыландыруға облыстық бюджеттен 950 млн. теңге бөлінді.
2022 жылдың ақпан айында тұрақты комиссия мүшелері мониторингтік топ құрамында қаланың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сататын сауда нүктелері мен автожанармай құю станцияларына рейдтік іс-шаралар өткізді. Мониторингтің мақсаты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен жанар-жағармай өнімдерінің шекті бағасының жоғарылауын анықтау болды. Тұрақтандыру қорының серіктестері болып табылатын "Сары Арқа", "Перекресток" дүкендеріндегі және муниципалдық базардағы бөлімдерге және NRG, Монолит, Аурика сияқты бірқатар жанармай құю станцияларынаа бардық. Мониторинг объектілерінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
2022 жылдың сәуір айынан бастап тұрақты комиссия мүшелері Екібастұз қалалық мәслихатының "Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешімінің жобасын қарауға және талқылауға белсенді қатысты. Әзірлеуші орган ұсынған нормативтік-құқықтық актінің жобасы бойынша қалалық мәслихат депутаттарында көптеген сұрақтар туындады, осыған байланысты мәслихат отырыстарында, оның ішінде прокуратура өкілдерінің қатысуымен, бірнеше рет қаралды. 2022 жылғы 27 қыркүйекте Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары көпшілік дауыспен бекітілді.
Мамыр айында тұрақты комиссия "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" ММ басшысының, поселкелер, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің 2021 жылғы ІІІ және ІV деңгейдегі бюджеттердің атқарылуы туралы есептерін тыңдап, мақұлдады. Павлодар облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Ж. Шейхислам тексеру комиссиясының қорытындысымен, 2021 жылғы Екібастұз қаласының, поселкелердің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджетінің атқарылуы туралы есеппен таныстырды. Отырыста даму бағдарламалары бойынша бюджеттің игерілмеуіне әкеп соққан себептер талқыланды, поселкелер, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің төртінші деңгейдегі бюджет түсімдерін болжау және іздестіру бойынша жеткіліксіз жұмысы және басқа да мәселелер атап өтілді. Тұрақты комиссияның қаралған мәселелер бойынша ұсынымдары ТК қабылдаған екі қаулыда көрсетілген және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жұмыс үшін жіберілген.
Тұрақты комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың қазан айында өткен кеңейтілген отырыста "Екібастұз қаласының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы"мәселе қаралды. Мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы С. К. Қорабаева хабарлады.. Мәселен, 2022 жылы жалпы сомасы 190,0 млрд.теңгеге 80 іс-шараны іске асыру көзделген, оның 170,0 млрд. теңгесі жеке инвестициялар және 20,0 млрд. бюджет қаражаты. Өңір ауылдарын ауыз сумен және өрт сөндіру техникасымен қамтамасыз ету, ауылдық су құбырларын салу, тұрғын үй салу, қалалық аулаларды абаттандыру бойынша жобаларды іске асыру мәселелері көтерілді.
Павлодар облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Шейхисламның салықтық әкімшілендірудің мемлекеттік аудитінің нәтижелері, Екібастұз қаласының аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын және Екібастұз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын іске асыру, бюджеттік процеске қатысушылардың жергілікті бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін жоспарлау және пайдалану туралы баяндамасы тыңдалды. Тексеру комиссиясының қорытындысын талқылау барысында депутаттар уәкілетті органның да, бюджеттік процестің барлық қатысушыларының да жіберілген бұзушылықтар үшін жауапкершілігі мәселелерін көтерді. Мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтарды және бюджет әкімшілерінің әрбір бұзушылық сомасы бойынша жауапкершілігін жою бойынша қабылданған шаралар туралы уәкілетті органды қайта тыңдау туралы шешім қабылданды. Уәкілетті органға бюджет әкімшілері бөлінісінде мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтардың сомалары туралы толық ақпаратты қарау үшін ұсыну ұсынылды. Комиссия қала әкімінің орынбасары қол қойған бұл ақпаратты барлық депутаттарға танысу үшін жолдады.
Комиссия жұмысында алдағы жылдарға арналған бюджетті дайындауға және бекітуге басты назар аударылады. Қаланың, поселкелердің, ауылдардың және ауылдық округтердің үш жылдық бюджетінің жобалары тұрақты комиссиялардың отырысында талқылау үшін енгізіледі. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның кіріс бөлігінің болжамы, қала бюджетінің шығыс бөлігінің жалпы параметрлері бойынша ақпараты тыңдалады, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың әрбір әкімшісі 3 жылдық кезеңге арналған бюджет шығыстарының жобасын ұсынады және қорғайды.
Бекітілген кестеге сәйкес, Екібастұз қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджет жобасын қарау ағымдағы жылдың желтоқсан айының бірінші жартысында өтуде. Уәкілетті органның және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің баяндамалары тыңдалды және талқыланды, тұрақты комиссияның 2 қаулысы қабылданды.
Комиссия қойылған мәселелердің уақтылы қаралуын қамтамасыз етеді, комиссияның жұмыс жоспары орындалды. Комиссия мүшелері халықпен жұмыс жүргізеді, жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді, азаматтардың өтініштерін қарайды және өз құзыреті шеңберінде депутаттық сауалдар жібереді. Комиссияның қызметі қалалық мәслихаттың ресми сайтында және әлеуметтік желілерде үнемі жарияланады.