Екібастұз қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

       2022 жылғы 29 қыркүйектегі                                                   167/22

(VII шақырылған кезекті XXII сессия)

 

 

Екібастұз қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» № 787 қаулысына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Екібастұз қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарында 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсандықоса алғанда туристік жарнаның мөлшерлемелері – болу құнының 0 (нөл) пайызы болып бекітілсін.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қалалық

мәслихатының хатшысы                                                                 Б. Куспеков

Дата публикации
29 сентября 2022