Меню

Страницы

Статья

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында

Бүгін Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі жоспардың 19-тармағына сәйкес, оның ішінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Өзгерістерді өзіңнен баста" кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде мәслихат хатшысы бас болып мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен Үміт апа қабіріне зиярат етті.
Суботылова Үміт апа 1929 жылы 1 шілдеде Павлодар облысы Лебяжі ауданы Қорт ауылында дүниеге келген. Зейнеткерлікке шыққанға дейін "Павлодар" кеңшарында бақташы болып жұмыс істеді. 1986 жылы Березовка ауылына көшіп, дәстүрлі емес емдеу әдістерімен айналыса бастады. Басында көршілері, таныстары ем іздеп келсе, уақыт өте келе Павлодар облысы мен еліміздің әр облысынан ғана емес, Ресей мен Германиядан адамдар келе бастады. Үміт апа халық арасында үлкен құрметке ие болды. Халық емшісінің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сертификаты мен лицензиясы болды. Үміт апа ондаған мың адамның денсаулығын қайтарды.Ауылда мешіт салдырғаннан кейін Үміт апа ел алғысына бөленді. Мешітті толықтай өзі қамтамасыз етті. Мешітті Үміт апаның қызы Бақыт Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына тапсырды. Ол өз қаражаты есебінен мешіттің дін қызметкерлерін оқытқан еді. Кезінде Үміт апа Меккеге қажылық жасаған, содан кейін оны Үміт-апа қажы деп атай бастаған-ды.Бұл жерді жұрт қасиетті деп тануда, әлемнің әр түкпірінен келген азаматтар Үміт апа рухына тағзым етіп, оның мешітіне дұға оқытуға барады. Мешіт Үміт апа басшылығымен 1993 жылы екі ай ішінде салынған еді.Ауылдың маңында емші Үміт апаның мазары орналасқан. Үміт апаның қабіріне адамдар зиярат етіп барады, қабірге қолыңды тигізсең аурудан айығу мен рухани сауығу дариды деп шын жүректен сенеді. Адамдар бұл жерді қасиетті емшінің баспанасы деп санайды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелден келетін адамдар емші Үміт апа салған мешіттің тым болмаса қабырғасына қолымды тигізсем деп келеді. Мешіт - ұлы емшіден қалған естелік. Павлодар облысында киелі орындар картасына Павлодар ауданының аумағындағы 2 нысан енгізілген. Бұл Мичурин ауылдық округіндегі "Үміт апа" жерленген жер және Кеңес ауылдық округіндегі "Нұрғали Хазрет" рухани ағартушының жерленген жері. Павлодар ауданының бұл киелі орындары "Ғибадат орындары болып табылатын діни және діни объектілер" санатына жатқызылған.

 

Павлодар ауданының мәслихат аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Айымгүл Таласова

09.06.2021 ж. ақпарат 

Дата публикации
02 марта 2023
Дата обновления
09 июня 2021
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
06 марта 2023
Түсіндіру жұмысы жүргізілді
06 марта 2023
Сауалнама өткізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы