Меню

Страницы

Статья

Ауылдық округ мамандарына семинар

Бүгін онлайн-режимде мәслихат аппаратының басшысы Айымгүл Таласова ауыл және ауылдық округтердің бас мамандарымен семинар-кеңес өткізді. Бүгінгі семинардың мақсаты НҚА әзірлеуге қатысты заңнамалық актілердің кейбір ережелерін түсіндіру және ауылдық округ аппараттарымен НҚА жобаларын, яғни мәслихат шешімдерін сапалы дайындау болып табылады. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес қазіргі уақытта ауылдық округтер әкімдері аппараттары «Павлодар ауданы ауылдық округтерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы» мәслихат шешімінің жобаларын әзірлеуде. Өкінішке орай, Айымгүл Бекенқызына өткен аптада пысықтау мақсатында үш актіні қабылдамауға тура келді, сондықтан мәслихатқа келісуге жіберген кезде бұзушылықтарды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы», «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Үкіметінің қаулыларын түсіндіру бойынша бас мамандармен түсіндірме жұмысын жүргізу туралы шешім қабылданды. Диалог барысында мамандар өз сұрақтарын қойды, атап айтқанда МОИП-та жобаларды орналастыру және өзге де сұрақтар бойынша. НҚА әзірлеу кезінде құзыреті бойынша заңнамалық актілерге назар аудару ұсынылды, сондай-ақ олардың сұрақтарына қатысты барлық ережелерді түсіндірді.

08.02.2021 ж. ақпарат 

Дата публикации
02 марта 2023
Дата обновления
08 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
06 марта 2023
Түсіндіру жұмысы жүргізілді
06 марта 2023
Сауалнама өткізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы