
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, 2025 жылғы 22 қазанда сағат 11.00-де 8 шақырылған Павлодар аудандық мәслихатының 36 кезектен тыс сессиясы шақырылатынын хабарлаймын (өткізілетін орны: аудан әкімдігінің залы). Сессияның қарауына «Павлодар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға ауыл және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» және басқа мәселелер енгізіледі.
Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы