Аудан халқының және депутаттардың назарына!
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес 2024 жылғы 18 желтоқсанда сағат 15.00-де 8 шақырылған Павлодар аудандық мәслихатының 25 кезектен тыс сессиясы шақырылатынын хабарлаймын (өткізілетін орны: аудан әкімдігінің залы). Сессияның қарауына «Павлодар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарға арналған Павлодар аудандық бюджеті туралы» № 11/113 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және басқа мәселелер енгізіледі.
Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы