Аудан халқының және депутаттардың назарына!
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес 2024 жылғы 22 қарашада сағат 11:00-де 8 шақырылған Павлодар аудандық мәслихатының 23 кезекті сессиясы шақырылатынын хабарлаймын (өткізілетін орны: аудан әкімдігінің залы).
Сессияның қарауына Павлодар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарға ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы және басқа мәселелер енгізіледі.
Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы