Қоғамдық кеңес мүшелігіне конкурс туралы хабарландыру

Хабарландыру

Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 24-тармағының негізінде Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша саны 11 (он бір) адам конкурс жариялайды.

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10 - бабына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңестің сандық құрамын мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың өкілдерінен 11 адамнан тұратын Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы айқындады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

         1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

         2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

         3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе Павлодар аудандық мәслихатының электрондық мекенжайына жібереді:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;

         2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

         3) сотталғандығыныңболуы не болмауытуралыанықтама;

         4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

         5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.

Құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде, жұмыс күндері 2024 жылғы 11 қарашадан 22 қарашаға дейін (сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін) қабылданады.

Ұсыныстарды электрондық пошта арқылы gaziza.rahmet@mail.ru немесе Павлодар қ., Қайырбаев көшесі,12.,каб 102, Павлодар аудандық мәслихаты мекенжайы бойыншажіберулеріңізді сұраймыз. Анықтама телефоны: ұялы телефон 8-702-133-26-47.

Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесін

қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы

 

Дата публикации
08 ноября 2024