Қоғамдық кеңестің жұмыс тобының құрамын қалыптастыру жөніндегі хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

          Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» № 69 бұйрығының 5-тармағының негізінде Павлодар аудандық мәслихаты Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша саны   7 (жеті) адамнан тұратын конкурс өткізу туралы хабарлайды.

          Жұмыс тобы мүшелігіне кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

          2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

          3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе Павлодар аудандық мәслихатының электрондық мекенжайына:

      1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) осы Үлгілік ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша азаматтың өтінішін;

          2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

          3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

          4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

          5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде 2024 жылғы 24 қазаннан 31 қазанға дейін электрондық пошта арқылы - gaziza.rahmet@mail.ru немесе мынадай мекенжай бойынша қабылданады: Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, каб. 102, Павлодар аудандық мәслихаты. Анықтама телефоны: ұялы тел. 8-702-133-26-47.

 

 

Дата публикации
24 октября 2024