Қоғамдық кеңеске бақылаушыларды іріктеу туралы хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ                                  

Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26  ақпандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің № 69 бұйрығының 10-тармағы негізінде Павлодар аудандық мәслихаты байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізу туралы конкурс жариялайды.

      Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам осы Үлгілік ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға өтінішті Павлодар аудандық мәслихатқа береді не электрондық поштасына жібереді.

      Өтініштер хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде, 2024 жылғы 24 қазаннан 31 қазанға дейін электрондық пошта арқылы - gaziza.rahmet@mail.ru немесе мынадай мекенжай бойынша қабылданады: Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, каб. 102, Павлодар аудандық мәслихат. Анықтама телефоны: ұялы телефон 8-702-133-26-47.

Дата публикации
24 октября 2024