Аудан халқының және депутаттардың назарына!
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес 2024 жылғы 26 қыркүйекте сағат 11.00-де 8 шақырылған Павлодар аудандық мәслихатының 21 кезекті сессиясы шақырылатынын хабарлаймын (өткізілетін орны: аудан әкімдігінің залы).
Сессияның қарауына «Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін 2024-2025 жылдарға арналған жаңа жылыту маусымына дайындау туралы» және басқа мәселелер енгізіледі.
Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы