Аудан халқының және депутаттардың назарына!
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес 2024 жылғы 7 ақпанда сағат 11.00-де 8 шақырылған Павлодар аудандық мәслихатының 14 кезектен тыс сессиясы шақырылатынын хабарлаймын (өткізілетін орны: аудан әкімдігінің залы). Сессияның қарауына «Павлодар ауданының мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарына Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылған күніне 35 жыл толуына арналған қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» және басқа мәселелер енгізіледі.
Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы