ХАБАРЛАНДЫРУ
Павлодар ауданының Қоғамдық кеңес мүшесінің өкілеттігі тоқтатылуына (сандық құрамы – 11 адам) және Қоғамдық кеңеске мүшелікке резервтік тізімдегі кандидаттың жоқтығына байланысты, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 35-тармағының негізінде Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесі кеткен мүшелердің орнына конкурс жариялайды.
Қазақстан Республикасының "Қоғамдық кеңестер туралы" Заңының 10 - бабына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылмауы тиіс;
3) психикалық, мінез-құлықтық бұзылуларға (ауруларға) байланысты, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұруға міндетті.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе жергілікті өкілді органның (Павлодар аудандық мәслихатының) электрондық мекенжайына жібереді:
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылады:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады;
3) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың болуы немесе болмауы туралы анықтама.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды осы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде, жұмыс күндері 2023 жылғы 22 қаңтардан 2 ақпанға дейін (сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін) дербес ұсынады.Ұсыныстарды электрондық пошта арқылы жіберулеріңізді сұраймыз: gaziza.rahmet@mail.ru немесе Павлодар қ., Қайырбаев к-сі, 32, 102 каб. Анықтама телефоны: 87021332647
Павлодар ауданының
Қоғамдық кеңесі