Аудан халқының және депутаттардың назарына!
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес 2023 жылғы 28 желтоқсанда сағат 11:00-де 8 шақырылған Павлодар аудандық мәслихатының 12 кезектен тыс сессиясы шақырылатынын хабарлаймын (өткізілетін орны: аудан әкімдігінің залы). Сессияның қарауына «Павлодар ауданының ауылдық округтері мен Ольгинка ауылының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы» және басқа мәселелер енгізіледі.
Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы