БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫСЫ

 

          

Аудандық мәслихаттың бюджет, әлеуметтік сала, заңдылық, құқықтық тәртіп, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару, агроөнеркәсіптік кешен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫСЫ

 

 

Павлодар қ.                                                                          2023 жылғы  8 тамыз

 

 

        

          Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихаттың бюджет, әлеуметтік сала, заңдылық, құқықтық тәртіп, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару, агроөнеркәсіптік кешен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

        

  1. 8 шақырылған аудандық мәслихаттың 6 кезекті сессиясының қарауына және бекітуіне келесі сұрақтар ұсынылсын:

         1.1 Зейнетақы аударымдары бойынша, міндетті медициналық сақтандыру қоры бойынша салық салу (көлік салығы, жер салығы және басқалар) бойынша жеке және заңды тұлғалармен жұмыс туралы

 

         1.2 Білім беру ұйымдарын жаңа 2023-2024 оқу жылына дайындау туралы

 

1.3 «Ауыл-ел Бесігі» бағдарламасын іске асыру барысы туралы

 

 

1.4 Елді мекендерді электрмен жабдықтау жүйелерінің жай-күйі туралы, оның ішінде жылу жүйелерін дайындау жөніндегі жұмыс туралы, инженерлік коммуникациялардың жай-күйі туралы, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету

 

 

         1.5 Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі елді мекендерінің шекараларын белгілеу туралы

 

         1.6 Павлодар ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

 

 

Бюджет мәселелесі

жөніндегі тұрақты        

комиссияның төрағасы

 

 

 

 

 

М. Жұмадиева

Әлеуметтік сала, заңдылық,

 құқықтық тәртіп, жергілікті

 мемлекеттік басқару және өзін

 өзі басқару мәселелері  жөніндегі

 тұрақты комиссияның төрағасы

 

 

 

 

 

 

 

А. Байжұманова

Агроөнеркәсіптік кешен, тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық

және экология  мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссияның төрағасы

 

 

 

 

Д. Корепанов

 

                                                     

2023 жылғы 8 тамыздағы аудандық мәслихаттың  тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы барысында

депутаттардан келіп түскен

ұсыныстары

 

        

  1. Атқарушы органдардың басшылары депутаттардың келіп түскен ұсыныстарын қарастырсын:

 

1) Білім  беру бөліміне (З. Ж. Калиева):

Ольгинка ЖОББМ қазандығын ауыстыру бойынша жұмыс жүргізу;

аудан мектептерінде 92 бос жұмыс орнын толықтыру бойынша шаралар қабылдау.

 

2) Экономиканың нақты секторы бөліміне (Р. А. Сүлейменов):

Новоямышево ауылындағы балабақша ғимаратына акт залын кеңейту және Кемеңгер ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу барысы туралы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат ұсынылсын;

Богдановка ауылындағы су құбыры бойынша ескертулерді жою.

 

3) Павлодар аудандық электр желілері кәсіпорнына (Г.М.Маутин):

аудан тұрғындарының аудандық мәслихат депутаттарына кейбір ауылдарда электрмен жабдықтаудың үзілгені туралы өтініштеріне байланысты ескертулерді жою бойынша жұмыс жүргізу қажет;

ауданның кейбір ауылдарында (Қаракөл, Ольгинка және т.б.) электр энергиясын үздіксіз беру үшін қосымша желілер жүргізу мәселесін шешу.

          

  1. Депутаттардың ұсыныстарын қарау туралы ақпаратты 2023 жылғы 15 қыркүйекке қарай аудандық мәслихатқа ұсынылсын.

 

 

 

 

Дата публикации
18 августа 2023