Аудан халқының және депутаттардың назарына!
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес 2023 жылғы 14 сәуірде сағат 11.00-де 8 шақырылған Павлодар аудандық мәслихатының 2 кезектен тыс сессиясы шақырылатынын хабарлаймын (өткізілетін орны: аудан әкімдігінің залы). Сессияның қарауына «Павлодар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы «2023-2025 жылдарға арналған Павлодар аудандық бюджеті туралы» № 32/183 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және басқа мәселелер енгізіледі.
Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы