Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жөніндегі талдамалық анықтама «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» ММ

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жөніндегі талдамалық анықтама

«Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» ММ

 

  1. Нормативтік-құқықтық база.

         «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» ММ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (бұдан әрі – ӘРПК), Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын басшылыққа алады.

  1. СЖТІТ жүргізу туралы бұйрық, жауаптылар.

«Павлодар ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының 2026 жылғы 15 қыркүйектегі № 3/28-3 бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды.

СЖТІТ жүргізуге жауапты адамдар болып мыналар анықталды:

      Таласова А.Б. – Павлодар аудандық мәслихат аппаратының басшысы;

      Джумадиева М.А. – Павлодар аудандық мәслихатының депутаты;

      Булатова К.Б. – бас маман;

      Сыздыкова Г.О. – бас маман;

      Иванец Т.М. – есеп жүргізу жөніндегі бас маман.

  1. Есепті кезең.

Ағымдағы СЖТІТ мынадай кезеңде жүргізіледі: 2025 жылғы 15 қыркүйектен 2026 жылғы 16 қыркүйекке дейін.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • аппараттың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

      2) аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Қызметке қатысты қолданыстағы құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

      Есепті кезеңде мемлекеттік орган 0 нормативтік құқықтық акт әзірледі. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

2025 жылғы 15.09 – 2026 жылғы 16.09 аралығындағы кезеңде Павлодар аудандық мәслихаты аппаратының ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді. Бұзушылықтар анықталмады.

  1. Персоналды басқаруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырауы мүмкін лауазымдарды айқындау:

«Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» ММ (бұдан әрі – аппарат) штат саны 2026 жылы 6 бірлікті құрады.

2026 жылғы 16.09 жағдай бойынша штат саны 6 бірлікті, нақты саны – 6 бірлікті, бос лауазымдар – 0 бірлікті құрайды.             

Аппараттың құрылымы бойынша:

Мәслихат төрағасы

Аппарат басшысы

Есеп жүргізу жөніндегі бас маман

Бас маман

Бас маман

Есеп жөніндегі бас маман

Конкурстық рәсімдер.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің деңгейі жоғары учаскелерінің бірі – бос лауазымдарға адамдарды конкурстық іріктеу рәсімі болды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша бос лауазымдарды атқаруға конкурстар өткізу кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар (протекционизм, туыстық ықпал) берілу фактілері анықталмады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

Аппараттың жұмыс тобы жұмысқа қабылданған қызметкерлердің мүдделер қақтығысының, аффилиирленуінің болуына, кадрлардың ауысу себептеріне, қызметкерлердің жұмыстан босатылуына (лауазымы төмендетілуіне), жақын туыстардың, ерлі-зайыптылар мен жекжаттардың бірге жұмыс істеуіне, қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарға қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормаларды талдау нәтижелері бойынша олар анықталмады.

  1. Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

«Павлодар ауданы мәслихатының аппараты» ММ рұқсат беру функцияларымен қамтамасыз етілмеген.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын жүзеге асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

«Павлодар ауданы мәслихатының аппараты» ММ бақылау және қадағалау функцияларымен қамтамасыз етілмеген.

  1. Бюджеттік және қаржылық қаражатты игеру мен бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

Бюджеттік және қаржылық қаражатты игеру мен бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мәніне ішкі талдау жүргізу барысында ақшалай қаражатты бөлу рәсімдеріне, оларды игеруді бақылауға және пайдалану тиімділігіне талдау жүргізілді.

Бюджеттік және қаржылық қаражатты игеру мен бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу рәсімдерін талдау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

2025 жылғы 15 қыркүйектен 2026 жылғы 16 қыркүйекке дейінгі кезеңде мемлекеттік сатып алу туралы 7 522 279 теңге 55 тиын сомасына 42 шарт жасалды оның ішінде:

- «баға ұсыныстарын сұрату» тәсілімен - 2 923 529 теңге 24 тиын сомасына 21 шарт;

- «бір көзден сатып алу бойынша» тәсілімен -1 740 935 теңге 38 тиын сомасына 11 шарт;

- «Ашық конкурс» тәсілімен-550 541 теңге 42 тиын сомасына 2 шарт;

- «бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы» тәсілімен - 2 029 613 теңге 51 тиын сомасына 6 шарт;

- «электрондық дүкен» тәсілімен - 277 660 теңге сомасына 2 шарт.

Мемлекеттік сатып алу саласында тәуекелдер жоқ.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу мен пайдалануға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

Аппараттың жұмысында пайдаланылатын ақпараттық жүйелерге жұмыс процестерін қамту, пайдалану кезіндегі мәселелердің болуы, құжат айналымын қағаз тасымалдағышта қайталап жүргізу қажеттілігі тұрғысынан талдау жүргізілді, тәуекелдер анықталмады.   

Ақпараттық жүйелерге рұқсатсыз араласу тәуекелін болдырмау, сондай-ақ бөгде адамдардың қызметтік үй-жайларға кіруі арқылы мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлердің дербес компьютерлері қорғаныспен қамтамасыз етілген. Осыған байланысты ақпараттық жүйелерді пайдалануға байланысты тәуекелдер жоқ.

  1. 11. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу барысында ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын мәселелерді іске асыруға байланысты бұзушылықтар анықталмады.

 

 

Маслихат аппаратының                                          Таласова А.Б.

басшысы                              

        

Аудандық мәслихаттың депутаты                         Джумадиева М.А.                                               

 

Бас маман                                                                                        Булатова К.Б.  

                                

 

Бас маман                                                                               Сыздыкова Г.О.

 

Есеп жүргізу жөніндегі бас маман                            Иванец Т.М.

 

 

 

Дата публикации
16 сентября 2026