Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2024 жылғы
19 наурыздағы № 119/16 «Ақтоғай ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтоғай аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 119/16 «Ақтоғай ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес».
Ақтоғай аудандық
мәслихатының төрағасы Ж. Ташенев
|
|