Ақтоғай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 97/13 «2024-2026 жылдарға арналған Ақтоғай ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

2024 жылғы 17 сәуірдегі № 195588 болып тіркелді 

Ақтоғай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 97/13 «2024-2026 жылдарға арналған Ақтоғай

ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақтоғай аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Ақтоғай ауылдық округінің бюджеті туралы» 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 97/13 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған Ақтоғай ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1 - қосымшасына сәйкес, соның ішінде 2024 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 427923 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер - 36016 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 1980 мың теңге;

Негізгі құралдарды сатудан

түсетін түсімдер.капитал-3350 мың теңге;

трансферттер түсімі - 386577 мың теңге;

2) шығындар - 432994 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) - 5071 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 5071 мың теңге;                  

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
 

 

 

Ақтоғай аудандық мәслихатының төрағасы

 

Ж. Ташенев

Дата публикации
18 апреля 2024