Ақтоғай ауданы Ақжол ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын қағидаларын бекіту туралы

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 190348 болып тіркелді 

(VІІІ шақырылым, кезекті XІІ сессиясы)

Ақтоғай ауылы                            № 86/12                   2023 жылғы 21 желтоқсан

Ақтоғай ауданы Ақжол ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған Ақтоғай ауданы Ақжол ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
  2. Ақтоғай ауданы Ақжол ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындардың жалпы санының 1(бір) проценті мөлшерінде, бірақ 3 (үш) адамнан аспайтын мөлшерде Ақжол ауылдық округі өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ақтоғай аудандық

мәслихатының төрағасы                                  Ж. Ташенев

 

Дата публикации
26 декабря 2023