Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
2023 жылғы 27 қарашадағы № 188653 болып тіркелді
(VІІІ шақырылым, кезектен тыс XІ сессиясы)
Ақтоғай ауылы № 72/11 2023 жылғы 21 қараша
Ақтоғай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 146/31 «2023-2025 жылдарға арналған Ақжол
ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған Ақжол ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1,2 және 3 қосымшаға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер –60364,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 4464,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 89,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 55811,0 мың теңге;
2) шығындар – 61356,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -992,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)-992,0 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
|
||
|
Ақтоғай аудандық мәслихатының төрағасы |
|
Ж. Ташенев |