Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 166728 болып тіркелді
VII шақырылым, кезектен тыс XIX сессиясы)
Ақтоғай ауылы № 99/19 2022 жылғы 19 сәуір
Ақтоғай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 80/16 «2022-2024 жылдарға арналған Қараоба
ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған Қараоба ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 56713 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 4183 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 987 мың теңге;
трансферттер түсімі - 51543 мың теңге;
2) шығындар - 57219 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -506 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 506 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.