2026 жылдың 12 қазанына сағат 10.00-де Ақсу қалалық мәслихатының VIІI шақырылған елу алтыншы кезектен тыс сессиясы өтеді.
Күн тәртібінде:
1. Ақсу қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы.
2. Қалалық мәслихаттың 2023 жылға 16 қаңтардағы «Ақсу қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы» № 223/33 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. Қалалық мәслихаттың 2023 жылға 26 желтоқсандағы «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы» № 96/13 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. Басқа мәселелер.
Х А Б А Р Л А М А
2026 жылдың 5 қазанында сағат 10.00-де Ақсу қалалық мәслихатының VIІI шақырылған елу бесінші кезектен тыс сессиясы өтеді.
Күн тәртібінде:
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) Ақсу қалалық мәслихаты шығып қалғандардың орнына сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.
Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден құралады. Округтік сайлау комиссиялары бес мүшеден тұрады. Округтік сайлау комиссияларының сандық құрамы сайлау туралы Конституциялық заңның нормасымен анықталады.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы учаскелердегі сайлаушылар санына байланысты, қаланың аумақтық сайлау комиссиясымен анықталды.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Комиссияларды құру кезінде шығып қалған мүшелердің орнына сайлау қалған мерзімге жүргізіледі.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатураны ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 25 қыркүйектен 9 қазанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) электрондық және қағаз форматта белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамындағы кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімі, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы үзінді көшірме;
3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесін;
4) кандидаттың белгіленген нысан бойынша тиісті мәслихатқа сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісу туралы арналған өтініші.
Сайлау комиссиясы құрамының кандидатуралары туралы мәліметтер формалары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісу туралы кандидаттардың өтініштері Ақсу қалалық мәслихатының сайтында орналастырылды.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық Заңның талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды:
- сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;
- сот іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам;
- Парламент, мәслихаттар депутаттары, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері;
- Президенттікке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне кандидаттар, сондай-ақ кандидаттардың сенім білдірген адамдары;
- мемлекеттік саяси қызметші лауазымындағы адамдар;
- Қазақстан Республикасы соттарының судьялары.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссия құрамын қалыптастырған маслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бірлікте тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық Заңның 23-бабы 3-тармағында қарастырылған сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамында жақын туыстар (ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, толық текті апалы-сіңлілер, ата-апалар, немерелер) және жұбайы (зайыбы) болмауы тиіс.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстар 2026 жылғы 9 қазанға дейін дүйсенбі - жұма күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін қабылданады, үзіліс уақыты сағат 13:00-ден 14:30- ға дейін.
Ақсу қалалық мәслихаты
Омаргалиев Мадениет Кабылдинович – Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Ақсу қаласы, Астана көшесі, 52, 310 кабинет.
Жауапты тұлға – Кабиденова Назгуль Елубаевна, 50791; 87057299757, электрондық пошта мекенжайы: kense.aa.mo@pavlodar.gov.kz
Ақсу қалалық мәслихаты шығып қалғандардың орнына сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды
|
|
р/с№ |
Сайлау учаскесінің № |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері
|
Сайлау комис- сиясы мүшеле- рінің саны |
||||
|
Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы |
|
|||||||
|
1. |
|
Ақсу қ, Астана көшесі, 37, Балалар шығармашылық Үйі |
2 |
|
||||
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы |
|||||||
|
|
1. |
№ 4 |
Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14, № 7 орта мектеп |
1 |
||||
|
|
2. |
№ 9 |
Ақсу қаласы, Қызылжар ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 1, Қызылжар ауылдық округ, Мәдени сауық орталығы |
1 |
||||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы |
|||||||
|
|
1. |
№ 474 |
Ақсу қаласы, Ақсу шағын ауданы, Энергетик көшесі, 2, Қ. Шулембаев орта мектеп |
1 |
||||
|
|
2. |
№ 477 |
Ақсу қ, М.О.Әуезов көшесі, 12, Ж. Мұса атындағы колледж, 2 корпус |
1 |
||||
|
|
|
№ 481 |
Ақсу қ, Астана көшесі, 25; № 4 орта мектеп |
1 |
||||
|
|
|
№ 490 |
Ақсу қ, Евгеньевка ауылы, Гагарин көшесі, 1, мәдени-сауық орталығы |
1 |
||||
|
|
|
№ 495 |
Ақсу қ, Қызылжар, ауылы, Гагарин көшесі, 1, мәдени-сауық орталығы |
2 |
||||
|
|
|
№ 496 |
Ақсу қ, Береке ауылы, Центральная көшесі, 1, орта мектеп |
1 |
||||
|
|
|
№ 501 |
Ақсу, Үштерек ауылы, Ленин көшесі, 1, орта мектеп |
1 |
||||
|
|
|
№ 504 |
Ақсу қ, Сольветка ауылы, Евгеньевка ауылдық округі, Ленин көшесі, 7, орта мектеп |
1 |
||||
VIII шақырылған Ақсу қалалық мәслихатының LIV сессиясының
КҮН ТӘРТІБІ
Ақсу қ. 2026 жылғы 25 қыркүйек
2026 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 10.00-де Ақсу қалалық мәслихатының VIІI шақырылған елу төртінші сессиясы өтеді.
Күн тәртібінде:
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:
– «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
– «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;
– «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
– «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;
– «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;
– «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
– «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.
Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетіндегі пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.
Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. @elgeqyzmet.pavlodar @abisalikov.e
2026 жылғы 11 қыркүйекте Ақсу қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа сондай-ақ Ақсу қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес «Ақсу қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін бекіту туралы» мәселе қаралды.
Отырыс барысында қатысушылар қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, сұрыптауды және көмуді ұйымдастыруға, сондай-ақ халыққа көрсетілетін тиісті қызметтерге тарифтер белгілеуге қатысты мәселелерді талқылады.
Қаралып отырған мәселе бойынша пікір алмасу өтіп, отырысқа қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен ескертулер айтылды.
Елімізде «Кітап оқитын ұлт» ауқымды кітап оқу марафоны бастау алды. Осы жоба аясында «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» арнайы бағыты бойынша сайысқа қатысыңыз!
Егер сіз мемлекеттік қызметте жұмыс істесеңіз, бұл – ой-өрісіңізді кеңейтіп қана қоймай, бағалы жүлделерге де ие болудың тамаша мүмкіндігі.
Не істеу керек?
* Арнайы дайындалған тізімнен қазақ немесе орыс тіліндегі 15 кітапты таңдап оқу. Жинаққа отандық авторлардың шығармалары, әлемдік классика және шабыт беретін заманауи әдебиеттер енгізілген.
* Кітаптарды негізгі кезең аралығында оқып шығу (2026 жылғы қыркүйек пен 2027 жылғы наурыз аралығы).
🏆 Финалистерді не күтеді?
Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталады, ал барлық финалистер арнайы дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады!
Жобаға қосылыңыздар, жалпыұлттық қозғалыстың бір бөлігіне айналыңыз!
🔗 Толық ақпарат пен ұсынылған әдебиеттер тізімін мына сайттан таба аласыздар: www.reading-nation.kz
#КітапОқитынҰлт #КітапОқитынМемлекеттікҚызметші #ОқуМарафоны #Даму #Қазақстан
2026 жылдың 27 тамызында сағат 10.00-де Ақсу қалалық мәслихатының VIІI шақырылған елу үшінші кезектен тыс сессиясы өтеді.
Күн тәртібінде:
2026 жылдың 15 шілдесінде сағат 10:00-де Ақсу қалалық мәслихатының VIІI шақырылған елу бірінші кезектен тыс сессиясы өтеді.
Күн тәртібінде: