Меню

Страницы

Статья

Сарышығанақ ауылына сапар

Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында қалалық мәслихаттың төрағасы М.Омарғалиев «Заманауи мектеп» жобасы аясында күрделі жөндеуден өтіп жатқан Сарышығанақ ауылындағы орта мектепке барды. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер «ГрадСтройСервис» ЖШС-мен келісім-шарт жасалған, жұмыс мерзімі 5 ай – 2022 жылдың маусым-қараша айлары аралығында.

Сапары барысында ол мердігер ұйым өкілдері Б.С. Жұматаев пен Мөлдір Намазбайқызы, қосалқы мердігердің өкілі Қ.Қасеновпен, жұмысшылармен кездесті. Мектеп директоры К.Т.Баймұхановамен бірге 2 пеш орнатылған қазандықтан бастады, барған  кезде жылумен қамту температурасы 70%  көрсетті.

Одан кейін оқу кабинеттерін аралап шықты, сыныптардағы жылу қанағаттанарлық және стандартқа сай екенін белгілей кетті, терезелерді орнату кезіндегі кемшіліктерді жою туралы ескертулер жасалды.

Бірақ Сарышығанақ орта мектебіне барудың басты мақсаты жөндеу жұмыстарының нәтижесімен танысу болды.

Мәдениет Қабылдаұлы мердігер ұйым өкілдерімен бірге мектепті аралап, проблемалық жерлерге тоқталды. Ол бұл мектепте күрделі жөндеу жүргізілмегенін және бұл тек оқушылар мен мұғалімдер үшін ғана емес, бүкіл ауыл үшін қуанышты оқиға екенін, сондықтан жұмыс барысындағы проблемаларға қарамастан (құрылыс материалдарының қымбаттауы, білікті құрылысшылардың тапшылығы), жөндеу жұмыстарын сапалы аяқтау қажеттілігін айтты. Мердігер компания өкілдері жұмыс 31 қаңтарда аяқталады деп сөз берді және барлығы 1 ақпанда нысан басында кездесуге келісті. Жұмыстың сәтті аяқталуын күтеміз!

Дата публикации
20 января 2023
Дата обновления
20 января 2023
Тип

Сейчас читают

25 июня 2025
Қоғамдық кеңестің отырысы бойынша №4 хаттама
15 мая 2025
Протокол №1
15 мая 2025
Протокол №2

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы