VIII шақырылған Ақсу қалалық мәслихатының ХLІІІ сессиясының
КҮН ТӘРТІБІ
Ақсу қаласы 2025 жылғы 17 желтоқсан
- 2026-2028 жылдарға арналған Ақсу қаласының бюджеті туралы.
- 2026 жылы Ақсу қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар,ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы.
- Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 71/10 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Ақсу қаласы әкімінің қалалық мәслихат депутаттары алдында оған жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есебі.
- Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі қалалық комиссияның құрамы туралы.
- Ақсу қалалық мәслихатының тұрақты комиссия төрағаларының есебі.
- Ақсу қалалық мәслихатының 2026 жылғы жұмыс жоспары туралы.