Ақсу қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №108/14
шешімімен бекітілген
«Ақсу қалалық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
Жұмыс тәртібі, жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
2-тарау. «Ақсу қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері
13.Мақсаттары:
1) қалалық мәслихаттың сессиялардағы қызметін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға және басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен тұрақты комиссиялар және өзге де органдар мен депутаттар арқылы қамтамасыз ету;
2) қалалық мәслихаттың сессияларында жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;
3) қалалық мәслихат депутаттарының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
4) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
5) өз өкілеттіктері шеңберінде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалалық мәслихаттың қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық-техникалық және басқа да жағдайларды қамтамасыз ету;
6) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалалық мәслихаттың ашық отырыстарын онлайн трансляциялауды қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты қалалық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған ұсыныстардың бағыттарын қамтамасыз ету және қалалық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлау.
1) белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінен, өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат, анықтамалар, есептер, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілері жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы туралы мәліметтер, ғылыми сараптамалар мен сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, қалалық мәслихаттың қарауына енгізілген шешімдер жобалары бойынша қажетті келісулерді, сессиялардың күн тәртібі мен тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша өзге де құжаттамаларды сұрау;
2) қалалық мәслихаттың және оның тұрақты (уақытша) комиссияларының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту;
3) депутаттардың сауалдары мен депутаттық ұсыныстарды уақтылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сауалдар жіберу;
4) қабылданған шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
1) Ақсу қалалық мәслихатының Регламенті орындалуын қамтамасыз ету;
2) ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу;
3) қалалық мәслихат құзыреті шеңберінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
1) мәслихаттың қалалық мәслихат бекіткен Жұмыс жоспарының негізінде, сондай-ақ мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттар топтары мен депутаттар, қала әкімі енгізетін мәселелер бойынша қалалық мәслихат сессиясын дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;
2) қалалық мәслихаттың сессияларында жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және қалалық мәслихатының құзыреті шегінде қабылданған және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;
3) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты жалпыға міндетті маңызы бар мәслихаттың шешімдерін әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және нормативтік құқықтық актілерге заңдық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;
4) қалалық мәслихат қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері болып табылатын не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен олардың құзыретіне жататын ескірген, сыбайлас жемқорлық сипаты бар және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларының нормативтік құқықтық актілеріне қатысты тұрақты құқықтық мониторингті қамтамасыз ету;
5) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындау, іссапар шығыстарын өтеу, депутаттардың депутаттық қызметтін жүзеге асыру үшін қажетті кеңсе керек-жарақтарымен және өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;
6) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалалық мәслихат сессияларын өткізуді ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді, қалалық мәслихаттың сессияларын онлайн-трансляциялауды қамтамасыз ету;
7) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалалық мәслихаттың ресми сайтының үздіксіз жұмыс істеуін және уақтылы өзектілендірілуін қамтамасыз ету;
8) қалалық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;
9) әзірлеуші қалалық мәслихат болып табылатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру;
10) қалалық мәслихаттың жұмыс жоспарын әзірлеуді қамтамасыз ету және оны қалалық мәслихат сессиясының қарауына енгізу;
11) тұрақты комиссиялардың отырыстарын, көпшілік тыңдауларын, «дөңгелек үстелдерді», жұмыс сапарларын және т. б. дайындауды жүзеге асыру, тұрақты комиссиялардың мүшелеріне қаралатын мәселелердің мәні бойынша материалдарды талдау, қорыту және уақтылы ұсыну;
12) қалалық мәслихат сайты, БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы тұрақты комиссиялар депутаттары жұмысының ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз ету;
13) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайлаушылардың кездесулер мен қабылдауларда айтқан өтініштерінің, ұсыныстардың, проблемалық мәселелердің қорытындылары бойынша депутаттық сауалдар дайындауды қамтамасыз ету,
14) қалалық мәслихат қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
3- тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшының
мәртебесі, өкілеттігі
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) қалалық мәслихаттың сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
3) қалалық мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) қалалық мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
5) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
6) қалалық мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
7) сайлаушылардың өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы қалалық мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;
8) қалалық мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
9) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашылық еткен қалалық мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
10) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
11) мәслихаттың тұрақты комиссияларының, өзге де органдарының қызметін үйлестіреді;
12) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда қалалық мәслихаттың атынан өкіл болады;
13) қалалық мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі шараларды белгілейді;
14) заңнамада белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде қалалық мәслихат аппаратының қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
15) Мәслихат аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.
16) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңында, мәслихаттың регламенті мен шешімінде көзделген өкілеттіктерді орындайды;
Мәслихаттың төрағасы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихаттың тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату