Хабарландыру Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы
Қоғамдық кеңестің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Ақсу қаласының Қоғамдық кеңесінің 5 адамнан тұратын жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды. Оның ішінде 1 адам мемлекеттік органдар өкілдерінен 4 адам коммерциялық емес ұйымдардан азаматтардан
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе мемлекеттік органның omua@mail.ru электрондық мекенжайына жібереді:
1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Жұмыс тобының мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Ақсу қ., Астана,52, 312 каб. немесе omua@mail.ru эл.поштаға құжаттарды тапсыруға болады.
Анықтама тел.62796,50791.