Хабарландыру қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына қатысу үшін байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу жүргізу туралы
Қоғамдық кеңестің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Ақсу қаласының Қоғамдық кеңесінің 7 адамнан тұратын жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды. Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 10-тармағына сәйкес, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жұмыс тобының отырыстарына қатысуға жіберіледі.
Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам осы қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға өтінішті жергілікті деңгейде жергілікті өкілді органға береді не omua@mail.ru электрондық поштасына жібереді.
Ақсу қ., Астана,52, 312 каб. немесе omua@mail.ru эл.поштаға құжаттарды тапсыруға болады.
Анықтама тел. 62796, 50791.