№ 51/7 ШЕШІМІ
Қалалық мәслихаттың 2018 жылғы 01 қарашадағы
”Жер телімдерін меншікке және жерді пайдалануға беру
жөніндегі қалалық комиссияның жеке құрамы туралы”
№ 268/34 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 6-бабына сәйкес, Аксу қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Қалалық мәслихаттың 2018 жылғы 01 қарашадағы ”Жер телімдерін меншікке және жерді пайдалануға беру жөніндегі қалалық комиссияның жеке құрамы туралы” № 268/34 шешіміне (бұдан әрі – Комиссия) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімге қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қалалық мәслихаттың
төрағасы М. Омарғалиев