Ақсу қалалық мәслихатының
(VІІІ шақырылған VІІ сессиясы)
№ 46/7 ШЕШІМІ
Ақсу қаласы 2023 жылғы 20 қыркүйек
Ақсу қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған
туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» № 181 бұйрығына сәйкес Ақсу қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1.Шетелдіктер үшін 2023 жылғы 1 қазаннан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде туристік жарна мөлшерлемелері бекітілсін.
Қалалық мәслихаттың төрағасы М. Омарғалиев