Ақсу қаласының елді мекендерінің кейбір көшелерін қайта атау бойынша ұсыныс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының  13-бабы 6) тармақшасына және            14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының  4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы  24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақсу қалалық мәслихаты  ШЕШТІ:

  1. Павлодар облысының әкімдігі мен мәслихатына келесі көшелерді қайта атау бойынша ұсыныс енгізілсін:

Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар ауылы:

Молодежная көшесін Мұхтар Әуезов көшесіне;

Школьная көшесін Жүсіпбек Аймауытов көшесіне;

Зеленая көшесін Сәбит Дөнентаев көшесіне;

60 лет Октября көшесін Бұқар жырау көшесіне;

Луговая көшесін Мәшһүр Жүсіп көшесіне;

Дорожная көшесін Ақдала көшесіне;

Алғабас ауылдық округінің Жолқұдық ауылы:

Центральная көшесін Тілеуімбет батыр көшесіне;

Гагарин көшесін Қазанғап би көшесіне;

Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің Еңбек ауылы:

Гагарин көшесін Аламан көшесіне.

  1. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік және жастар саясаты, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

         

                   

Ақсу қаласының                                                          Қалалық мәслихаттың                   әкімі                                                                                төрағасы

Н. Дүйсенбинов                                                             М. Омарғалиев

Ақсу қаласының елді мекендерінің кейбір көшелерін қайта атау бойынша ұсыныс енгізу туралы
Дата публикации
05 мая 2023