2023 жылғы 30 маусым
Аққулы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 сәуірдегі «Аққулы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 198/39 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы әзірленді (бұдан әрі – шешім жобасы).
Аталған шешімді қабылдаудың мақсаты «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу болып табылады.
Шешім жобасын іске асыру жергілікті бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған (30.06.2023 ж. – 17.07.2023 ж.)
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14621920